16:25, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
Дамаск орталығында Сирия премьер-министріне қастандық жасалды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Дамаскінің орталығында Сирия премьер-министрі Ваеляәл-Халькидің өміріне қастандық жасалды, деп хабарлайды Рейтерге сілтеме жасап «Жаңалықтар» РАА.

Қолда бар ақпарат бойынша, премьер тірі қалған, оның күзетшілерінің біреуі қаза тапқан. Ливан телевидениесі хабарлағандай, қаланың Мезза ауданында белгісіз біреулер құрамында саясаткердің көлігі бар кортежді жарып жібермек болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Билік пен оппозиция арасындағы Сириядағы жанжал 2011 жылғы наурыз айынан бері жалғасып келеді. БҰҰ мәліметтері бойынша, осы уақытта елде шамамен 70 мың адам қаза тапқан, 4 миллионнан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Сирия билігінің мәліметінше, оларға қарсы тұрған жақсы қаруланған және жаттыққан жергілікті және жалданбалы жауынгерлерге шетелден қолдау көрсетіліп отыр.