Дамаскіде 2 жойқын жарылыс болды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Сирияның астанасы Дамаскіде 2 жойқын жарылыс болды.
None
None

 Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

 Жарылыстың қай жерде орын алғаны мен жағдайы әзірге хабарланбай отыр. Сирияда 2 жылдан астам уақыт бойы үкіметке қарсы наразылық әрекеттері тоқтамауда. Күні сайын бейбіт адамдар мен қарулы күштер қызметкерлерінің мерт болғандығы туралы деректер келіп түсуде, деп хабарлады Утро. ру

 БҰҰ мәліметінше, құрбан болған адамдардың жалпы саны 9 мыңнан асты. Сирияның билік өкілдері қаруланған оппозициямен қақтығыста 2500-ден астам әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мерт болғандығын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар