Дамаскіде әскери соққы жасалуы қаупіне алаңдаулы
АСТАНА. 29 тамыз. ҚазАқпарат - Сирия астанасында әскери соққы жасалуы қаупіне алаңдап отыр. Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, елдің жоғары әскери басшылығы Дамаск маңындағы маңызды командалық орталықтардан жеке құрамды көшіруге бұйрық берген көрінеді.
Жүктерін тиеген көліктердің шұбырған көші Ливан мен Сирия шекарасы арасында орналасқан Маснаа шекаралық бекетіне бет алған екен.
Ливан қауіпсіздік қызметі өкілдерінің мәліметінше, соңғы 24 сағатта Сириядан кем дегенде 6 мың адам қашқан. Дамаск тұрғындарының хабарлауынша, қалада азық-түлік тапшылығы қатты сезінуде, әсіресе нан табу қиынға түсіп отыр.