Дамаскіде автокөліктегі минаның жарылуынан ондаған адам опат болды

АСТАНА. 26 қазан ҚазАқпарат - Дамаск маңындағы қалада мешіттің жанындағы автокөлікке қойылған минаның жарылуынан кем дегенде 40 адам зардап шекті, деп хабарлады ВВС.

Дамаскіде автокөліктегі минаның жарылуынан ондаған адам опат болды

Үкімет мен көтірілісшілер жарылысты ұйымдастырды деп бірін-бірі кінәлап отыр. Жарылыс жұма күнгі намаздан кейін орын алған.

Мемлекеттік ақпарат агенттігі жарылысты көтерілісшілер ұйымдастырғанын және оның ерте іске қосылғанын айтып отыр.

Ал көтерілісшілер болса мешіттің жанындағы екі көлікке жарылғыш зат қойды, деп Сирия президенті Башар Асадтың әскерін айыптап отыр.

Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, 2011 жылы басталған Сириядағы ішкі қақтығыс кезінде 115 мыңнан астам адам қаза болған.