Дамаскіде ХАМАС қозғалысының көшбасшыларының бірі өлтірілді
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Дамаскіде ХАМАС палестин козғалысы басшылығының мүшесі Камаль Ранаджа өлтірілді, деп хабарлады Izvestia.ru.
Ұйымның өкілдері бұл қылмысты израильдік МОССАД барлау қозғалысы жасады деп отыр.
Қылмыс Камаль Ранаджаның үйінде жасалды. ХАМАС палестин козғалысының мүшелері көшбасшыларының өлтірілгеніне байланысты кек қайтаратындарын мәлім етті.