Дамаскіде Ресей елшілігі орналасқан аудан минометпен атқыланды

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Дамаскіде Ресей елшілігі қоныстанған аудан қарқынды миномет шабуылына ұшырады. Бұл туралы Бейрут пен Дамаскідегі Ресей дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлері мәлім етті, деп хабарлады Утро.ру.

Дамаскіде Ресей елшілігі орналасқан аудан минометпен атқыланды

«Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-мен 10:30 аралығында елшілікке тақау аудан минометпен жіті атқыланды. Шамамен 20 мина құлады. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ. Жергілікті 4 тұрғын жараланып, біреуі қаза тапты», - деді Дамаскідегі РФ елшілігінің өкілі.