Дамаскіде салынып жатқан Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығының құрылысы екі жылда аяқталып қалады - М. Құл-Мұхаммед

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сирияның Дамаск қаласында салынып жатқан Әл-Фараби тарихи-мәдени орталығының құрылысы екі жылдың көлемінде аяқталатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының тапсырмасы бойынша Дамаск қаласындағы Әл-Фарабидің кесенесін қайта жаңғыртып қана қоймай, Фарабитанудың дүниежүзілік тарихи-мәдени орталығын салуға конкурс жарияланған болатын. Ол конкурс бойынша жұмыстар басталып кетті. Сол жерде орналасқан 48 үй сүріліп тасталып, орны тегістеліп, құрылыс жұмыстары жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Құдай қаласа, бір-екі жылда бұл орталықтың құрылысы аяқталып қалады», деді отырыста М. Құл-Мұхаммед.

Министр ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында Дамаскідегі Сұлтан Бейбарыстың кесенесі және Мысырдың Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыстың мешіті қайта жаңғыртылып жатқанын атап өтті. «Елбасы тоқсаныншы жылдардың басында Каирге барған кезде Бейбарыс салдырған мешітке бірінші болып зиярат еткен қазақ. Содан бері қарай көп жұмыстар атқарылды. Ол өте үлкен мешіт. Оның толық жөнделуіне жүздеген миллион доллар қаражат кетуі мүмкін. Оған ЮНЕСКО-ның да қаражаты тартылады. Дегенмен, Қазақстан тарапы 4,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп отыр. Мешіттің мемориалдық тақта орналыстырылған тұсындағы жөндеу жұмыстары аяқталып келеді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар