18:02, 28 Маусым 2012 | GMT +5
Дамаскіде Сот ғимаратының алдында теракт болды
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Сирия астанасының орталығындағы Сот ғимарытының алдында, көлік тұрағында жарылыс болды.

Болған жағдайдың себеп-салдары анықталуда, деп жазады Утро. ру шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Сирияда 1 жылдан астам уақыт бойы үкіметке қарсы ереуілдер орын алып, тоқтамауда. Күн сайын қаза тапқан қаншама бейбіт адамдар мен қарулы күштердің қызметкерлері жайлы ақпарат келіп түсуде. Айта кетейік, сәуір айында қақтығыстар тоқталсын деп бұйрық берілгенімен, еш нәтиже жоқ. БҰҰ берген мәліметтеріне қарағанда, құрбан болған адамдардың саны 12 мыңнан асты. Сирияның билік өкілдері хабарлағандай, қарулы оппозициямен болған қақтығыста 2,5 мыңнан астам әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері көз жұмды. Олардың қарсыластары да қаруланған. Қанды қақтығыста құрбан болған бейбіт адамдардың саны 3,2 мыңнан асты.