Дамаскта қатарынан болған жарылыстардан 70-тей адам құрбан болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дамаскта қатарынан болған жарылыстардан 70-тей адам құрбан болды, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

«Қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады, ондаған адам жарақат алған, олар ауруханаға жеткізілді», делінген агенттік хабарламасында.

Әлденеше жарылыс 21 ақпан күні Сеида Зейнаб атты шииттер кварталында болды. Дамаск полициясының мәліметінше, үш жарылысты жанкешті-террорист ұйымдастырған. Тағы бір жерде жарылғыш зат толтырылған көліктің күлі көкке ұшқан.

Соңғы жаңалықтар