Дамаскте әл-Фараби атындағы қазақ мәдени орталығы бар (ФОТО)

ӘБУ-ДАБИ - БЕЙРУТ. ҚазАқпарат - Сирияда, елде болып жатқансоғысқа қарамастан, әл-Фараби атындағы қазақ мәдени орталығы және дала данышпанының құлпытасы сақталған.

Дамаскте әл-Фараби атындағы қазақ мәдени орталығы бар  (ФОТО)

ҚазАқпарат пен Сириядағы ҚР консулдығы Сирия жеріндегі қазақстандық нысандардың жаңа суреттеріне қол жеткізді.

Еске сала кетейік, 2008 жылы ҚР Үкіметі әл-Фараби атындағы мәдени орталық пен оның қабірінің құрылысына, сонымен бірге Әз-Захир Бейбарыс сұлтанның моласын қалыпқа келтіруге республикалық бюджеттен 83,8 млн. теңге бөлген.

2011 жылы қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталды. Алайда Сириядағы азаматтық соғыс бұл нысандардың ашылуы мен жұмыс жасауына кедергі келтірді. Атап өткен жөн, мұндай нысандар әлемнің өзге жерінде жоқ.

Мыңдаған жылдар бойы Дамаск ислам әлемінің экономикалық, мәдени және ғылыми орталығы болып есептелген. Өмірінің соңғы жылдарын Әз-Захир тың осында өткізуі тегін емес.

Бейбарыс сұлтан бұл елде бірінші болып тұрақты әскерді, әскери флотты, кеденді, аса жоғары деңгейде жұмыс істеген барлау қызметін құрып, ислам ғылымы, мәдениеті, әдебиеті және сәулетінің өркендеуін қамтамасыз етті. Ол мұсылман әлемін моңғол шапқыншылығынан құтқарып, өзге жаулаушылардың да бетін қайтарды.

Ұлы қолбасшының құрметіне Дамаскіде Бейбарыс сұлтанның мектебін, кесенесін және кітапханасын біріктіретін кешен құрылды. Қазір мұнда сұлтан Бейбарыс заманындағы Ұлттық кітапхана орналасқан. Онда бұрынғы заманғы адамдар мен қазақ халқының тарихына арналған шамамен 200 мыңға жуық қолжазба мен кітап бар.