Дамаскте жойқын жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дамаскте жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Би-би-си.
Оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, бірнеше кісі жарақат алған. Жарылыс Сирия астанасы Дамаск қаласының оңтүстік бөлігінде болған.
Сирияның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кафр-Суса үкіметтік мөлтекауданында болған жарылысты бомба салынған көлікке мінген жанкешті жасаған болуы мүмкін.
Әзірге ешкім қастандықты өз мойнына алған жоқ.