Дәметкен Келімбет бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде жолдамадан қағылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Амман қаласында (Иордания) бокстан өтіп Олимпиада ойындарына іріктеу турнирін қазақстандық боксшы қыздар сәтсіз бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиадаға іріктеу турирін қазақстандық боксшылардан әйелдер арасында бірінші болып Дәметкен Келімбет (57 келі) бастады.

Ол алғашқы іріктеу жекпе-жегінде қытайлық Инь Юнхуамен жұдырықтасып, өкінішке қарай қарсыласына 0:5 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, Ерік Алғабек баптайтын боксшылар арасынан шаршы алаңға алғашқы болып шыққан Дәметкен Келімбет Токио Олимпиадасының жолдамасынан тыс қалды.

Соңғы жаңалықтар