Дәмханадағы жарылыстан 6 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, салдарынан 6 адам көз жұмды. Тағы 32 адам жарақаттанды, деп хабарлайды РИА Новости.

Дәмханадағы жарылыстан 6 адам ажал құшты

Оқиға Сямынь (Сямэнь) қаласындағы кафелердің бірінде орын алған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс салдарынан ғимарат түгелдей қирап қалған. Жарақат алған он адамның қазіргі сәтте жағдайлары ауыр. Жапа шеккендердің ішінде бес айлық нәресте де бар. Оқиға орнында құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жұмыс жасады.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа газдың таралуы себеп болған. Зардап шеккен әйелдердің бірі қатты шыққан газ иісін сезген соң бірнеше секундтан кейін жарылыс болғанын айтады.