Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дамир Исмағұлов (17-2) UFC тұжырымындағы екінші жекпе-жегін испандық Джоэль Альварезке (15-1) қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Vestnik MMA-ге сілтеме жасап.
Ресей атынан өнер көрсететін қандасымыздың бұл кездесуі Чехияның астанасы Прагада 23 ақпанға белгіленген.
Айта кетсек, бұған дейін Дамир Исмағұлов өзінің Instagram парақшасында келесі жекпе-жегіне келісімшарт жасалғанын айтқан болатын.
Еске салсақ, Дамир Исмағұлов Дамир Исмағұлов UFC-дегі дебюттік айқасын жеңіспен бастады.
27 жастағы Дамир кәсіби мансабында 27 рет жеңіске жеткен. Оның он шақтысын мерзімінен бұрын аяқтаса, екі рет жеңіліп қалды. 16 қарашадан бастап UFC-дің жекпе-жек шебері саналады.
Еламан Тұрысбек