Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Дамир Жалғасбай Астанадағы челленджер жарысын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Дамир Жалғасбай Астана челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Жалғасбай
Фото: ҚТФ

Д.Жалғасбай іріктеудің жартылай финалында әлемнің 672-ракеткасы, украиналық, 33 жастағы Юрий Джавакянның мысын басты – 6:4, 6:3. 
Дамир Жалғасбай іріктеу сайысының финалында Солтүстік Мариана аралдарының өкілі Колин Синклер немесе ресейлік Алибек Качмазовтың қай жеңгенімен кездеседі.

Басқа қазақстандық теннисшілер Даниал Рахматуллаев, Даниэль Тазабеков және Ерасыл Ерділдә іріктеу сайысынан өте алмады.
Д.Жалғасбай бүгін бір күнде үш кездесу өткізді. Алдымен жекелей сында Астана World Tennis Tour M15 Asu Open турнирінің финалында жапониялық Сюнсукэ Мицуиге есе жіберді.

Сонымен қатар Дамир Жалғасбай Даниал Рахматуллаевпен бірге жұптық сында соңғы бәсекеде Беларусь өкілі Мартин Борисюк – үндістандық Каран Сингхпен бас жүлдені сарапқа салды.
Бұл матчта қазақстандық жұп өздерінің тәжірибелі қарсыластарынан ұтылып қалды – 3:6, 2:6.

Әйелдер арасында World Tennis Tour W15 Asu Open додасының финалында Асылжан Арыстанбекова – Іңкәр Дүйсебай турнирдің 1-ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хирае Им – Еунсшае Киммен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық жұп 4:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықтарын сақтап тұра алмады – 5:7.  Екінші сет те оңтүстіккореялықтардың еншісінде кетті – 6:3.

Осылайша, Д.Жалғасбай – Д.Рахматуллаев және І.Дүйсебай – А.Арыстанбекова жұбы екінші рет қатарынан Астана турнирінің финалына шыққанымен, титулға қол жеткізе алмады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Испаниядағы турнирде чемпион атанғанын жазған едік. 

Сондай-ақ Асылжан Арыстанбекова Астана турнирінің жеңімпазы атанды.