Дамушы елдердің ширек бөлігі ғана кедейшіліктің өсуін тоқтата алады - Дүниежүзілік банк

ВАШИНГТОН. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, дамушы елдердің тек ширек бөлігі ғана кедейшіліктің өсуін тоқтата алатын ресурстарға ие,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылы дамушы елдердің тұтас қаржылық жетіспеушілігі, жекеменшік және мемлекеттік қарызы, сондай-ақ сауда-саттықты қосқанда, 270-700 миллиард доллар шамасын құрауы мүмкін. Дүниежүзілік банк «Үлкен жиырманың» қаржы министрлерінің алдағы кездесуіне жаһандық дағдарыстың ауқымы туралы баяндама әзірлеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, дамушы елдерде әлеуметтік тұрғыдан ең осал халықты қорғау және экономикалық апаттың алдын алу үшін әлемдік деңгейде бірлесіп әрекет ету керек. Қажетті жұмыс орындарын құру және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін әлеуметтік салаға бағытталған жобаларға, инфрақұрылымдарға, шағын және орта кәсіпорындарға инвестициялар керек.
Соңғы жаңалықтар