Дамушы елдерге жөнелтілетін ақша аударылымдарының көлемі төмендеуде - Дүниежүзілік банк

ВАШИНГТОН. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -  Дүниежүзілік банктің  зерттеулері  бойынша,   Тәжікстан  мен  Молдова басқа дамушы елдерге  қарағанда, сырттан келетін  ақша аударылымдарына көбірек  тәуелді, 
None
None

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.  Кірістің  бұл түрі    аталған мемлекеттердің  жалпы ішкі өнімдерінің   қомақты үлесін   құрайды.     Жұмысшы мигранттардан  келетін   қаражат  көлемі  бойынша Үндістан, Қытай  және  Мексика  елдері  көш басында.

Дүниежүзілік банк сарапшыларының  болжамынша,   2009 жылы       дамушы елдерге ақша аударылымдары  304  миллиард долларға  дейін  қысқарады.   2008 жылы бұл  көрсеткіш 325 миллиард доллар  болған.     Көрсеткіштің 7,3 пайызға    құлдырауы  ағымдағы  экономикалық дағдарыспен және жұмысшы  мигранттар санының  төмендеуімен  байланысты.

Дегенмен,  мигранттар баратын елдерде  жұмыссыздық деңгейінің   өсуі         аталған  елдерді  шетел  азаматтарын   қабылдау  жөніндегі  заңнамаларын      қатайтуға   мәжбүрлеуі мүмкін.     Ал бұл  өз  кезегінде     ақша аударылымдарының  әрі  қарай   қысқаруына    себеп болатыны анық.

Соңғы жаңалықтар