Дамушы және аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты қолданылатын ереже заңмен бекітілмек

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет «Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Мәжіліске ұсынды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2008 жылы желтоқсанның 12-сінде Мәскеу қаласында өткен отырыс шеңберінде 2008 жылғы қаңтардың 25-індегі Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісімнің 1-бабын іске асыруға бағытталған және өзара пайда мен халықаралық құқық негізінде сауданы дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің 1-бабында Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты осы Келісімнің ажырамас бөлігін құрайтын қосымшаға сәйкес Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі қолданылатындығы белгіленген.

Аталған келісім «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» еліміздің заңына сәйкес ратификациялауға жатады.

Бұл заң жобасы бойынша Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті жұмыс тобын құрады және қорытынды әзірлейтін болады.

Соңғы жаңалықтар