Дамыған елдерде мүгедектерге арнайы үкімет тарапынан көмек көрсетіледі - Ә. Аманбаев
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев / - Кеше Алматыда «Аман-саулық» қоғамдық қорының мамандары, ғалымдар, бір топ ҮЕҰ-ның қарттар мен мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту туралы ұсыныстарды қарастырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қоғамдық тыңдаулар барысында қатысушылардың қосымша ұсыныстары енгізілді. Мемлекеттік органдарға өмірдің мемлекеттік әлеуметтік стандарттарын қалыптастыру кезінде қосымша қызметтердің тізбесін пайдалануға кеңес берілді. Сонымен қатар біздің қордың 2010 жылдың соңына дейін Қазақстандағы өмір сапасы көрсеткішінің тізімін қалыптастыруға байланысты жаңа бастамалары бар. Сондай-ақ 2010 жылдың бірінші ширегінде мүгедектер мәселесіне арналған қоғамдық тыңдаулар өткіземіз», дейді "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.
«Дамыған елдерде мүгедектерге Үкімет тарапынан арнайы көмек көрсетіледі. Әр мүгедектің сұранысына қарай қызмет жасалады. Мысалы, қол арбадағы мүгедектерді таситын көліктерге келетін болсақ, әкімшілік тарапынан 18 арнайы көлік бөлінген, бірақ олар қаражат болмағандықтан іске қосылмай тұр. Қазір өзіміз коммерциялық бастама жасап, содан түскен қаражатқа қызмет көрсетейік деп отырмыз, ал негізінен бұл үкіметтің жұмысы деп ойлаймын. Кеше семинарда жасалған көптеген ұсыныстарды үкімет тарапы қолдап, түсіністікпен қарап отыр», дейді Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы Әбділдаұлы.