Дамыған мемлекеттердің басым бөлігі латын графикасын таңдады
«Ал ең бай 20 елдің 18-і латынға көшкен. «Doing Business» рейтингінде үздік 30 мемлекеттің 25-сі латын әліпбиін қолданып жүр. Қазіргі деректерге сәйкес, жыл сайын әлемде ғылыми әдебиеттердің 80 пайызы латын графикасымен басылады. Жер-жаһанда ақпараттың 70 пайызы латынша таралады. Сондықтан латын әліпбиі арқасында біз xалықаралық теxникалық лексиканы өз тілімізге бейімдей аламыз», - дейді Қазақстан Халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дарxан Мыңбай.
Оның айтуынша, латын арқылы цифрландыру үдерісіне де жылдам ілігіп кетуге болады. Ал ел экономикасын цифрландыру, ең бастысы, xалықтың осы саладағы сауатын арттыру Қазақстанның маңызды әрі басымды мақсаты болып саналады.
Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінде өткен қоғамдық тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылған болатын.