Дәнді-дақылдарды терең өңдеуді дамытудың 5 жылдық жоспары әзірленді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазақстан Республикасында дәнді-дақылдарды терең өңдеуді дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар» әзірленді. Үкіметтің қаулы жобасы ашық НҚА порталында жарияланды. 

Дәнді дақылдарды терең өңдеуді дамытудың 5 жылдық жоспары әзірленді
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс істеліп жатқанын айтқан еді

— Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл — өте маңызды міндет. Қазақстан 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға тиіс, — деген болатын Президент.

Жоғарыда аталған құжат Мемлекет басшысының осы тапсырмасына іске асыру үшін әзірленген.

Кешенді жоспар іске асқан жағдайда мынадай нәтижелер күтіледі:

— жыл сайын кемінде 2 жаңа жоғары технологиялық өндірісті іске қосу үшін инвестициялар тартылады;

— 2029 жылға қарай дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімдерінің өндіріс көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 12 есеге ұлғайтылады;

— 2029 жылға қарай дәнді дақылдарды терең өңдеу өнімдерінің экспортының үлесін өңделген өнімдердің жалпы экспорт көлемінде 2024 жылмен салыстырғанда 4 есеге арттырылады. 

Айта кетелік Қазақстанда өндірілетін балық өнімі әлемнің 21 еліне экспортталатыны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар