Данэлия Төлешова Балалар Еуровидениесінің басты дайындық шарасына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балалар Еуровидениесінің басты дайындық шарасы «Минск-Аренада» сағат 12-00-де басталды. Алғаш рет саханаға барлық 20 байқауға қатысушы шықты, деп хабарлады БЕЛТА агенттігі.
None
None

Бұған дейін бірнеше күн бойы байқауға қатысушылардың жеке дайындық шарасы өткен болатын. Ал бүгінгі шараға осыған дейін жеке дайындық өткізіп келген жүргізуші де қатыспақ.

Кешке қарай тағы бір басты дайындық шара көрерменнің қатысуымен өтеді. Дәл осы уақытта байқауға қатысушылардың өнеріне кәсіби төрешілер баға беретін болады. Ал олардың берген бағасы  25 қараша күні өтетін ақтық шоу барысында жария етіледі.
null 

Балалар «Еуровидениесі-2018» байқауына қатысушылардың саны бұл жолы рекордтық көрсеткішке  жетті. Осы уақытқа дейін бұл байқауда 20 қатысушы бақ сынаған емес.

Бұған дейін қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың әніне қойылымды белгілі ресейлік режиссер Алексей Голубев жасап жатқанын, «Минск Аренадағы» балалар Еуровидениесінің финалына екінші репетициясын тамашалаған еуропалық БАҚ өкілдері Данэлияның өнеріне таңданысын жасыра алмағандығын хабаралған едік. 

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар