Данэлия Төлешова «Голос. Дiти» финалында 3 ән орындайды
10 жастағы қазақстандық қызбен бірге финалға 5 қатысушы шықты.
Байқау бойынша олардың әрқайсысы хит, тәлімгерімен дуэт, финалдық ән орындауы тиіс.
«Финалға әр командадан 2 мықты әншіден өтті. Біздің міндетіміз одан әрі ауырлай түсті. Киевте жүргенімізге 2 апта болды. Бізге орындайтын әнді бүгін береді. Ақтық финалға өткен жағдайда орындайтын әнді де сайлап қоюымыз керек. Шетелден келген қатысушы болғандықтан, Данэлияға жүктелген міндет көп. Оңай болмасы анық», - деді Наталья Чуракова.
Данэлияның екінші турдағы өнері де көрермендерді бей-жай қалдырмады.
«Жартылай финалда бар жауапкершілігімізді салып дайындалдық. Алғашқы көрсеткен қарқынымыздан таймауға тырысамыз. Сол үшін Андра Дейдің «Rise up» әнін таңдадық», - деді продюсер.
Данэлия ән айтып жатқан кезде оның байқаудағы тәлімгері, украиналық әнші Дмитрий Монатик - MONATIK көз жасына ерік берді.
«MONATIK балаларды өте қатты жақсы көреді. Сондықтан, балалармен жұмыс жасағанда ол үнемі мұқият. Данэлияны ол «ғарыштан келген қыз» деп атайды», - деді Наталья Чуракова.
Байқаудың финалы 17 желтоқсанда өтеді.
Айта кету керек, украиналық «Голос. Дiти» шоуында қазақстандық қыз 10 жастағы Данэлия Төлешова жартылай финалда жоғары өнер көрсетіп, финалға өткен болатын.