Данэлия Төлешова «The World's Best» байқауының финалына өтпей қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова «The World's Best» байқауының ақтық кезеңіне өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«The World's Best» байқауының ресми ютуб арнасында жарияланғандай, сайыс жеңімпазы - үндістандық жас пианиношы Лидиана Надхасварам болып отыр. Ақтық кезеңге үндістандық жас өнерпазбен бірге бір топ «Kukkiwon» оңтүстіккореялық акробаттар тобы шыққан. Ақыры, үндістандық залдағылардың 84 дауысымен (акробаттарда 63) бірінші орынға ие болды.

Ал Данэлия Төлешова байқауда әнші Пинктің «What About Us» әнін орындады.

Еске сала кетсек, әнші Димаш Құдайбергеннің Америкадағы аталмыш «The World's Best» байқауынан өз еркімен кетіп қалғанын жариялаған болатынбыз. Онда Димаш балалармен бірге сынға түскісі келмейтіндігін айтқан және қазылар алқасынан өзін түсінуді өтінген.

«Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету мен үшін үлкен бақыт екенін айта келіп, бүгін екі балапанмен бірге сайысудан бас тарту керекпін (...) Сол себептен сіздердің рұқсаттарыңызбен бұл сайыстың тізгінін кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым келіп отыр», - деді Димаш.

Соңғы жаңалықтар