Данелия Тулешова «Eurovision-2018» байқауына қатысу-қатыспауы беймәлім
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Данелия Тулешованың 2018 жылғы балалар "Eurovision-2018" байқауына қатысуы екіталай болып тұр. Байқауға əнші алып шығатын əн жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін бірқатар БАҚ Данелия Тулешова 2018 жылғы балалар "Eurovision-2018" байқауына қатысатынын хабарлаған болатын.
Жас əншінің баспасөз хатшысы Татьяна Синенко айтуынша, бұл мәселе əлі шешілмеген.
«Өкінішке орай, бізге қатысу туралы өтініш түскен жоқ əрі бізде оған лайықты материал жоқ. Бұл жағдайда байқау туралы əңгіме айту əлі ерте.
Данелияның өзі бұл мәселеге ешқандай түсініктеме бермейді. Мүмкін қатысатын да боламыз. Бірақ екіталай болып тұр. Біз өзіміз Қазақстанның биыл қатысатынын таяуда ғана білдік. "Eurovision-2018" - Қазақстан үшін үлкен байқау», - деді Татьяна Синенко.
Сонымен қатар баспасөз хатшысы айтқандай, байқау үлкен дайындықты талап етеді.
Қазақстан биыл белгілі байқауға бірінші рет қатыспақ. Себебі, биыл «Хабар» арнасы Еуропа Хабар тарату одағының мүшесі болып отыр (EBU).
Қазір агенттік ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге балалар "Eurovision-2018" байқауына іріктеу шарасының бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр.