Даниал Ахметов: Әкімдер елді мекендердегі мәселелерді жасырмауы тиіс
Осы жылдың сәуір айына дейін облыстағы әрбір елді мекенге басқарма басшылары, ШҚО әкімінің орынбасарлары және қалалар мен аудандар әкімдері қатарынан кураторлар бекітілетін болады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, олар ауылдарға барып, тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдайды.
«Алдағы үш жылға кураторлар тағайындалып, олар жекелеген елді мекендерді дамытудың нақты жоспарын әзірлеуі тиіс. Әкімдер мәселелерден қашпай, жасырмай, олардың барын мойындап, шешу жолдарын іздеу қажет. Атап айтқанда, кейбір елді мекендерді тұрақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті күйінде қалып отыр», - деді ол әкімдікте өткен жиналыста.
Осы ретте, Даниал Ахметов энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру басқармаларының басшыларына жағдайды талдап, оны шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Қажет болса, қосымша антенналар мен мұнаралар жеткізілмек.