Даниал Ахметов құдыққа құлап көз жұмған баланың отбасына көңіл айтты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алтай ауданында құдыққа құлап көз жұмған баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кішкентай Әлихан Талғатовтың ата-анасы мен жақындарына отбасы тағдырына түскен ауыр қайғыларына ортақтаса, көңіл айтамын. Төрт күн бойы аудан әкімі, барша алтайлықтар, Средигорный ауылының тұрғындары, сондай-ақ еріктілер мен қиын жағдайда шет қалмай, қол ұшын созған азаматтар бүлдіршінді іздеу жұмыстарына қатысты. Қапыда бауыр еті баласынан айырылып қалу – орны толмас қасірет. Кішкентай Әлиханның жарқын бейнесі әрбіріміздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болсын! Аудандық әкімдік тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіледі», - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Еске салсақ, 18 тамыз күні ШҚО-ның Алтай ауданында 2 жасар сәби өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу үшін Өскеменнен арнайы мамандар жіберіліп, әуеден дрон арқылы іздеу жүргізілген. 20 тамызда сәбидің мүрдесі өз үйінің ауласындағы құдықтан табылды.

Соңғы жаңалықтар