Даниал Ахметов ресейліктерге Өскеменде көпір салуды ұсынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі ресейлік «Мостострой-11» АҚ басшылығымен кездесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне өңір басшысының баспасөз қызметі.

Даниал Ахметов ресейліктерге Өскеменде көпір салуды ұсынды

Кездесу барысында компанияның бас директоры Николай Руссу жүзеге асқан жобалар мен техникалық мүмкіндіктерді, соның ішінде Қазақстандағы жобалар туралы хабардар етті.

ШҚО әкімі өз кезегінде Ертіс өзеніне, Өскемендегі  Виноградов көшесі арқылы көпір тұрғызу жобасына қатысуға шақырды.

Белгілі болғандай, «Мостострой-11» АҚ Ресейдің көпір құрылысымен айналысатын ірі бес компаниясының бірі. Кәсіпорын сондай-ақ өнеркәсіптік-азаматтық, мәдени-әлеуметтік бағыттағы ғимараттар салумен де айналысады.