Даниал Ахметов ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысын қызметінен босатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ауыл бизнесін шағын несиелеуге бөлінген қаржыны игере алмаған өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы отставкаға кететіндігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Даниал Ахметов ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысын  қызметінен босатады

«Қордың Шығыс Қазақстан облысына жасаған кадрлық ауыс-түйістері жақты нәтиже бере бастағандығын айта кеткен жөн. Егер қордың ауыл шаруашылығына қаржылай қолдауы 1 тамызға дейін 305 өтінімнің тек қана 32-сін қамтыса, 7 тамызда 214 млн теңгенің 66 жобасы мақұлданды. 15 қыркүйекке дейін тағы 74 өтінім қаралады. Жалпы қыркүйек айында 400 млн теңгеге 150 қарастыратын болады», - деді ол бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында.

Оның айтуынша, қыркүйек айының соңына дейін 909 млн теңге сомасына 305 заемшінің несие алатындығы болжануда. Ал қалған 100 өтінім қазанның 15-іне дейін жүзеге асырылады.

«Аграрлық кредиттік корпорация бойынша ешқандай проблема жоқ.  1 қыркүйекке дейін 528 млн теңге көлеміндегі қаржы толықтай игеріледі. 89 заемші бар, оның 25 қаржыландырылды. Күні кеше ғана тағы 26 өтінім мақұлданды және 38 өтінім қаралып жатыр. «Бақытжан Әбдірұлы (Үкімет басшысы  Сағынтаев) біз мұндай кемшілікке жол берілмеу керектігін түсінеміз. Таяу уақытта ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі отсавкаға өтініш береді»,-  деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың  айтуынша, 2017-2021 жылдары Өнімді еңбекпен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында  Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда шағын несиелеуді, шағын қаржылық ұйымдар мен кредиттік серіктестер бөлетін шағын несиелерді кепілдендіруді жүзеге асырады. Бұл мақсатқа бюджеттен 27 млрд теңге бөлінген. Оның 11 млрд теңгесі Аграрлық кредиттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.