Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын тағы бір жыл басқарады

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі 1 жылға ұзартылды. Бұл жайлы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желбідай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», - деп жазды ол.

Айта кетсек, экономика ғылымдарының докторы, академик Даниал Ахметов Павлодар облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарған. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі болды. 2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарып келеді.

Естеріңізге салсақ, жаңадан құрылған Абай облысының әкімі лауазымына бүгін Нұрлан Ұранхаевтың тағайындалғанын хабарлаған едік.

Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Семей қаласында өңірдің барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысып, Абай облысының әкімі лауазымына Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смайылов Асхат Сайдахметұлының кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берген болатын. Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смайыловқа, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқ а дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар