Даниал Ахметов Street Workout алаңының ашылуына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменде спортты серік еткен азаматтардың қолданысына жаңадан ашылған StreetWorkout алаңы берілді. Алаңның ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Елімізге Street Workout спорты кеш келсе де бірқалыпты даму үстінде. ШҚО да соңғы бірер жылда спорттың бұл түрі жақсы қарқын ала бастағаны кездейсоқ емес. Айта кетсек, аймақ басшысы Даниал Аxметовтің тапсырмасымен 2016 жылдан бері бірнеше қала мен ауданда Street Workout алаңдары ашылды.

«Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артып келеді. Қаламызда салауатты өмір салтын ұстанатындар қатарының көбеюі аса маңызды. Спорт алаңының ашылуына арнайы келген қонақтарға алғысымды білдіремін. Көрсеткен өнерлеріңізге тәнті болдым. Осыдан кейін бұл спортқа халықтың қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Алаңның ашылуына қала тұрғындары, өңірдің жас спортшылары, сондай-ақ Street Workout бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері Айтым Жақыпов пен «Bar Bars» командасының өкілдері қатысты.

Шара барысында елордалық спортшылар 60-тан аса өскемендік жасқа шеберлік сабағын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ШҚО-да Street Workout-тан облыстық турнир өтті. Оған өңірдің аудан-қалаларынан барлығы 16 команда қатысты.

Соңғы жаңалықтар