Даниал Рахматуллаев ITF рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Даниал Рахматуллаев ITF рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жасқа дейінгілер арасында әлемдік жасөспірімдер рейтингісін жария етті.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 17 жасар Даниал Рахматуллаев бірден 86 сатыға жоғары көтеріліп, 178-орынға жайғасты. Бұл – қазақстандық жасөспірімдер арасындағы үздік көрсеткіш.
Ерасыл Ерділдә – 194, Әмір Омарханов – 204, Виталий Зацепин – 222, Ілияс Маратұлы – 269, Данир Қалдыбеков – 397, Жақас Қозыбақ – 471, Заңғар Нұрланұлы 568-орында тұр.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова – 151, Айя Нұпбай – 187, Дана Байдәулет – 213, Сандуғаш Кенжебаева – 270, Ульяна Романова – 322, Полина Слепцова – 558, Іңкәр Дүйсебай 536-орында келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Прага турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилина миксте ширек финалға шықты.