Дания Еспаева Алматы базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаева Алматы базарында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дания Еспаева Азат Перуашев бастаған Республикалық штаб өкілдерімен бірге «Жібек жолы» базарына барды. Кәсіпкерлер Д. Еспаеваға және партия жетекшілеріне Қазақстандағы шағын және орта бизнестің мәселелері жөнінде сөз қозғады. Өз кезегінде үміткер сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы баяндады.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келіп, қызметкерлермен кездескен болатын.

Ал, ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жариялады.
null

Кеше «Ауыл» xалықтық-демократиялық патриоттық партиясының сайлауалды штабында жиын өтті. Онда президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Сонымен қатар, ҚР Президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов та өзінің сайлауалды тұғырнамасын жария етті.

Соңғы жаңалықтар