Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Ерейментауда болды
Азат Перуашев жетекшілігіндегі үгіт тобының сыртқы отырысына Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Дмитрий Васильев, орталық қызмет хатшысы Асылхан Қожахметов және штабтың өзге де мүшелері қатысты.
Республикалық штабтың жетекшісі Азат Перуашев агротехникалық колледжде оқытушылар мен сайлауда дауыс беру құқығына ие 18-ге толған студент үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Колледжде болашақ фермер, құрылысшы, тігінші, темір ұсталары білім алуда. Биыл колледж алғаш рет «Серпін» бағдарламасы бойынша болашақ талапкерлерді оңтүстік аймақтардан қабылдап алмақ. Жоспарда 60 адамдық жатақхананы кеңейтіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бар.
Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасын талқылау барысында осы жөнінде Азат Перуашев та айтып өтті.
«Жұмыссыздық пен жұмысқа тұрғызу мәселелері бүгінгі күні өзекті. Осыған байланысты жұмыс іздеу міндетті емес екендігін, оның орнына өз жұмысыңызды ашуға болатыны туралы айттық. Біздің үміткердің сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында, ашуға байланысты нақты ұсыныстар бар», - деді Азат Перуашев.
Сол күні Малтабар селосының сайлаушыларымен де кездесу өтті. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Селода мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ауыл тұрғындары бағдарламаның шағын және орта бизнесті, шағын фермерлік шаруалығын ынталандыру бойынша ұсыныстарына қолдау білдірді.