Дания Еспаеваның штабы Маңғыстауда бірнеше кездесу өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясы атынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның Маңғыстау облыстық штабы облыс аумағында бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Дания Еспаеваның штабы Маңғыстауда бірнеше кездесу өткізді

Аймақтық штаб басшысы Жаңбырбай Матаев және штаб басшысы орынбасары Айдар Исмағұлов үгіт науқаны аясында «АТФ банк» АҚ қызметкерлерімен кездесіп, Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ, олар «Рекон-Ақтау» ЖШС жұмысшыларымен кездесіп, көпшіліктің қойған сұрақтарына жауап берді.

Ал аймақтық штаб өкілдері Қанат Қарлыбайұлы мен Бердібек Мырзабекұлы Жаңаөзен қаласындағы Каспий колледжінің суденттерімен кездесті.

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.