Дания Еуропадағы ең қымбат ел деп танылды
МӘСКЕУ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Еуропадағы ең қымбат мемлекет Дания деп саналады. Бұл жөнінде «Еуростат» еуропалық статистикалық агенттігінің деректерінде айтылған. Ол 37 елдегі тауарлар мен қызметтердің бағаларымен салыстырған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Есептемелерге сай Данияда өмір сүру орташа еуропалық көрсеткіштерге қарағанда 41 пайыз қымбатқа түседі. Сарапшылардың пікірінше, мұның себептерінің бірі - супермаркеттер арасындағы бәсекелестіктің жоқтығы.
Даниядан кейін Норвегия мен Швейцария сап түзейді. Ең арзан ел ретінде Болгария аталған.