Дания Германияның әскери қарызын кешірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1945 жылдың мамырында жеңілген Гитлер әскері Даниядан кеткен соң, Германия аталған елге қарызданып қалған. Дания сол әскери қарыздарын кешті, деп жазады ТАСС.

Данияны жаулап алған Германияның әскери репарациясы 1946 жылы 11,6 млрд крон көлемінде болды. Қазіргі кезде 200 млрд. астам крон ($28,6 млрд). Алайда, Германия 70 жылдың ішінде бұл соманың аз ғана бөлігін төлеп, қарыздың үлкен бөлігі Дания үкіметі тарапынан кешірілді.

«Германия Данияға бір тиын да қарыз емес. Бүкіл Еуропа сияқты, Дания да Германияның экономикалық қалпына келуінен пайда алды. Сондықтан, 1953 жылғы қарызды алып тастау әділ болды», - деді Копенгаген бизнес мектебінің профессоры Иоаким Лунд. Германия Данияға соңғы рет қарызын 1983 жылы өтеген.

Соңғы жаңалықтар