Дания - Қазақстан матчы билеттерінің жартысына жуығы ғана сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Bold.dk порталы 2018 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу туриріндегі Дания - Қазақстан құрамаларын арасында кездесуіне қатысты билеттер сатылымының бастапқы мәліметтерін жария етті, деп хабарлайды sports.kz.

Дания - Қазақстан матчы билеттерінің жартысына жуығы ғана сатылды

Дүйсенбі күннің кешкі уақыты бойынша 17 250 билет сатылған. Дания - Черногория (0:1) матчын 20 582 көрермен тамашалаған. Копенгагендегі «Паркен» стадионы 38 065 адамға шақталған.

Еске сала кетсек, Дания - Қазақстан матчы 12 қарашада Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады.