Дания Құранды өртеуге тыйым салды
КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Дания Құранды өртеуге заң жүзінде тыйым салды. Бұл туралы Әділет министрі Петер Хуммельгаард мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Үкімет кейбір партиялардың мұндай шешім адам құқығын шектейтіні туралы уәжін қабыл алмады.
«Заң жобасы діни қоғамдастықтар үшін маңызды рөл атқаратын нысандарған нұқсан келтіретін әрекеттеге тыйым салады»,-деді журналистерге Петер Хуммельгаард.
Ол сонымен қатар заң талабы қоғам арасында өртеу мен осы сияқты өзге де қорлау әрекеттеріне қатысты қолданылатынын айтты.
«Заң жобасы Құран, Інжіл мен Тораны жария түрде өртегені үшін жауапкершілікті қарастырады. Өз көзқарасыңды білдірудің түрлі тәсілдері бар, ол үшін міндетті түрде бірдеңені өртеу керек емес»,-деді ол.
Заң жобасының баптарына сәйкес, діни маңызды зор нысанға нұқсан келтірді деп танылған адамға айыппұл салынады немесе ол 2 жылға дейін тұрмеге қамалады,-деп жазады NY Times.
Дания мұндай қадамға осы елде мен Швецияда Құранды өртеу немесе оны жариялы түрде қорлау сияқты кейінгі айларда болған жайсыз оқиғаларға байланысты қабылдаған. Мұндай әрекеттер бірнеше мұсылман елінде тұрғындардың наразылығын тудырды. Олар Солтүстік Еуропа елдерін мұндай акцияларға тыйым салуды талап етті.
Өткен аптада Швеция террористік қауіп деңгейін 2016 жылдан бері алғаш рет 2-ші деңгейге көтерді. Оған қасиетті кітаптарды өртеу сияқты әректеттерге байланысты шабуыл ұйымдастырылу қаупі себеп болған.