Дания тұрғыны лотореядан 42 млн еуро ұтып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда «EuroJackpot» лотореясын ойнаушылардың бірі ел тарихындағы ең ірі джекпот 315 млн крон (42,2 млн еуро) ұтты, деп хабарлады Росбалт жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Ұтыс иесі әзірге өзі жайлы мәлімет берген жоқ, деп мәлімдеді даниялық ВТ басылымы. «Кім жеңімпаз болғанын да білмейміз, ұтыс иесінің өзі де әзірге білмеуі мүмкін. Әрине, әлі көпшілігі купондарын тексерген жоқ. Ұтысты көрген кезде қатты таңқалары сөзсіз», - деді EuroJackpot қызметкерлерінің бірі басылымға берген сұхбатында. Бақытты билет Хельсингер қаласындағы супермаркетте сатылған. EuroJackpot өкілдері таяуда сол жерге бармақ. Олар ұтыс иесі жеңісі жайлы естісімен құстай ұшып жететіне сенімді, деп жазады РБК.