Данияда автомобильсіз қала салынбақ

АСТАНА. Қаз Ақпарат - Данияда автомобиль қозғалысына толықтай тыйым салынатын жаңа қала салу жоспарлануда, деп хабарлады The Local.
None
None

Әңгіме Nye атауын алатын Орхус жайында. Жоба авторлары халқы 15 000 болатын жасыл елді мекенде заманауи технологиялардың қала сыртындағы өмірмен үйлесуі жағын ойластырған.

Автомобиль қозғалысының болмауы адамдардың бір-бірімен араласуына ықпал етіп, әлеуметтік белсенді ахуал қалыптастырады. Орхус орталығында тек трамвайлар қатынайды. Ал елді мекен бойынша велосипедпен ғана жүретін жол салынады. Бұл жоба таяудағы бес жылда іске асады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар