Данияда гандболдан қыздар арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда 5-20 желтоқсан аралығы гандболдан қыздар арасында 2015 жылғы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады әлемдік доданы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырған «Kazsport» телеарнасы.
None
None

Турнирге қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі - Қазақстан құрамасы да бар. Бұл - қыздарымыздың 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы D тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласпақ. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.

Біздің команданың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар