Данияда мектеп жасына дейінгі балалар мінген автобус аударылып қалды
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Копенгагеннің солтүстік аймағындағы Хорсхольм жанында мектеп жасына дейінгі 41 бала мінген автобус жол-көлік апатына ұшырады.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Кеше кешке қарай жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып автобуспен соқтығысқан. Көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Автобустың жүргізушісі мен 1 бала ауыр жарақаттанды. Дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті ауруханаға әртүрлі жарақатпен 13 бала жеткізілді.
Полиция жол-көлік апатының мән-жайын анықтамақ.