Данияда сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлік дүкендері ашылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Копенгагенде WeFood сауда желісінің алғашқы сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлік дүкені ашылды. Дания билігі қалдықтар проблемасымен осындай жолмен күреспек, деп хабарлайды Росбалт.

Данияда сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлік дүкендері ашылуда

Бұл елде жыл сайын 700 мың тоннаға жуық азық-түлік тасталады. WeFood желісінің ашылуынан кейін бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеуі тиіс.

Сауда мекемесінде тек сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе бүлінген тауарлар ғана сатылады, олардың бағасы бастапқы бағасының 50-70 пайызын құрап отыр. Тұрақты сатып алушылардың арасында ақшасын үнемдеп қалғысы келетіндер ғана емес, экология мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын жауапты азаматтар да бар.