Даниял Шалқарбай бокстан жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Даниял Шалқарбай Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын жүлдегер атанды.

Даниял Шалқарбай
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық боксшы 66 келіге дейінгі салмақтың финалына дейін жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, ақтық сында жерлесіміз өзбекстандық Саидхуджа Садиллахуджаевты жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, Қазақстан боксшысы Аяулым Оспанова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының чемпионы атанды.

Сонымен қатар боксшы Досжан Жұмақан алтын медаль иеленді.

Арман Мырсәбит бокстан жасөспірімдер Азиадасында күміс медаль алды.

Қазақстандық боксшы Жұмағали Нұрмахан жасөспірімдер Азиадасында топ жарды.

 

Соңғы жаңалықтар