20:50, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Данияның премьері НАТО-ның жаңа бас хатшысы болуы мүмкін
БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Дания Премьер-Министрі Андерс Фог Расмуссен НАТО-ның бас хатшылығына ең ықтимал үміткер болып отыр. Бұл лауазымды 2004 жылғы қаңтардан бері голландтық Яап де Хооп Схеффер атқарып келеді және оның мерзімі биылғы шілденің 31-інде аяқталмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Расмуссен кезінде АҚШ-тың Иракқа шабуылын қолдаған болатын, ол НАТО-ның екінші жұмыс тілі ?француз тілін еркін меңгерген. Өткен аптада болгар өкіметінің орындары НАТО бас хатшылығына бұрынғы сыртқы істер министрі Соломон Пассидің кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін Схеффердің ізбасары Польша СІМ басшысы Радослав Сикорский деп есептеліп келді, алайда ол қаңтардың аяғында альянс басшысының орынтағы үшін додаға қатыспайтынын мәлімдеді.Ал НАТО-ның штаб-пәтерінде бұл тақырыпқа түсініктеме беруден бас тартып отыр.