Данияның жел турбинасы электр қуатын өндіруде әлемдік рекорд орнатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияның Остерильд жағалауында орналасқан жел турбинасы тәулігіне желден электр қуатын өндіруде әлемдік рекорд орнатты. Былтырғы жылдың 1 желтоқсанында құрылғы 216 000 киловатт-сағат электр өндірген. Бұл орташа үй шаруашылығына 20 жылға жетеді, деп жазады Gizmodo .

Данияның жел турбинасы электр қуатын өндіруде әлемдік рекорд орнатты

V164-8.0 MW турбинасы Vestas Offshore Wind компаниясының бұрынғы MHI-дан жетілдірілген 9-мегаваттық нұсқа. Құрылғының биіктігі 220 метр, әр ебелектің ұзындығы 80 метр, ал стансаның жалпы салмағы- 35 тонна.

Бұл турбинаға қуатты өндіруде жаңа технологияны сынайтын тәжірибелік электростанса оррнатылған.

Еске сала кетсек, Дания өзі тұтынатын электр қуатынан біршама артық жел электроэнергиясын өндіреді. Ол Германия, Норвегия мен Швецияға экспортталды.