Данияр Ақышев ҚазАқпараттың шетелдегі оқырмандарының сауалына жауап берді
Жақын болашақтағы отандық экономиканың даму болжамы туралы сұраққа Данияр Ақышев 2018 жылға қарай елдегі экономикалық өсім 3 пайыз мөлшерінде болжанатынын, аталған көрсеткіш қосымша көздер табылса бұдан да жоғары болатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Данияр Ақышев ҚР ҰБ барлық болжамдарды өзінің ресми сайтына жариялап отыратынын және кез келген қолданушыға қол жетімді екендігін айтты.
Жеке тұлғалардың депозиттері туралы сұраққа Данияр Ақышев жалпы көлемі 16,7 триллион теңгені (15 млрд доллар) құрайтын депозиттердің ұлттық валютада тең жартысы сақталғанын айтты. 2 жыл бұрын бұл көрсеткіш 30 пайыз көлемінде ғана болған.
Төрағаның айтуынша, мұндай прогресске Ұлттық банк жүргізген монетарлы саясат және құнды қағаздардың сыртқы нарықтағы тұрақтылығы мен ұлттық валюта бағамы арқылы қол жеткізілген.