Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастаған олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) WBA/WBC/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннен де жоғары жетістікке жеткісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Головкинді Қазақстанда көпшілік таниды. Әлемде Қазақстан туралы айтсаң, бірден GGG еске түседі. Бұл да менің мақсаттарымның бірі. Мен де Қазақстан туралы айтылған жерде атымның аталғанын қалаймын. Головкин біздің елдегі барлық спортшы үшін жол ашты, мен де соның ізімен жүруді қалаймын», - дейді боксшы.
«Бірақ менің жолым басқа, мен одан да озуды қалаймын. Мен әлемнің жеңілмейтін, абсолюттік чемпионы болуды армандаймын. Ең алдымен, елімнің даңқын асқақтатқым келеді, ол менің басты мақсатым», - дейді Д. Елеусінов.
Еске сала кетейік, Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы 30 жастағы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады. Жартылай орта салмақта өтетін кездесу 6 раундқа созылмақ. Боксшылар 6 маусым күні Лондондағы (Ұлыбритания) York Hall кешенінде Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) - Люк Уоткинс (13-0, 9 КО) кездесуінің андеркартында өтеді.