Данияр Елеусінов IBF рейтингінде төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде бір позицияға төмен сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта Елеусінов 8-орыннан 9-ға түсті. Айта кетейік, Данияр намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін өткен жылдың қарашасынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Аталған жеңіс қазақстандыққа IBF Inter-Continental-дің вакантты чемпиондық белдігін алып келді.

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы ресейлік Давид Аванесян (27-3-1, 15 КО) болады деп күтілуде. Алайда ресейлік команда өзге кандидатураларды да қарастыруда.


Соңғы жаңалықтар